USD
USD
USD

Байқоңырдағы кешенді жаңғырту мерзімі кейінге шегерілді

Байқоңырда «Союз-5» зымырандарын ұшыру үшін «Бәйтерек» кешенін салу мерзімі 2022 жылдың соңына шегерілді. Бұл туралы ҚР цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

Байқоңырдағы кешенді жаңғырту мерзімі кейінге шегерілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. - Жоспар бар, мерзімі сәл шегеріледі. Бұл кешен бізге Байқоңырдың өзектілігін сақтау үшін қажет... Алты айдың ар жақ, бер жағы – ары кетсе бір жыл, - деді ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин

Оның айтуынша, құрылыс мерзімі техникалық құжаттаманы дайындауға байланысты кейінге шегерілген.

- Жұмыс қарқынды жүріп жатыр, алайда құрылыс жұмысы емес, құжатқа қатысты жұмыстар. Жобалау жұмыстары ұзақ уақыт алады, - деді Бағдат Мусин.

Министр сондай-ақ Гагариннің іске қосылуына қатысты жағдайға түсініктеме берді.

Бұған дейін министр Қазақстан мен Ресей Араб әмірлігінің ғарыш агенттігі бұл шешімді кешіктірсе, басқа инвесторларды тарта алатынын хабарлаған болатын.

- Араб әмірліктері келісім бермеді. Тамыз айында біз жалпы Байқоңыр мәселесі турасында Дмитрий Рогозинмен («Роскосмостың» бас директоры – ред.) кездесуді жоспарладық. Инвестор тарту тоқтатылды, өйткені инфрақұрылымды іске қосудың қазіргі саны жеткілікті. Басқарылатын ұшырулар бойынша белсенділіктің төмендеуіне байланысты (біз жобаны тоқтата тұрдық. – ред.), - Бағдат Мусин

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт