USD
USD
USD

Байқоңырда жоғалған бір баланың денесі табылды

Байқоңырда жоғалған балалардың бірінің денесі өлі күйінде табылды.

Байқоңырда жоғалған бір баланың денесі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментіндегілер мәлімдеді. Екінші бала іздестіріліп жатыр.

"Бір баланың денесін таптық. Мамандар мән-жайды анықтап жатыр. Екінші баланы іздеп жатырмых", - деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Байқоңыр қаласының прокуроры Нұржан Рахметов бұл ақпаратты растады. Ол қалай іздеп жатқанын Facebook желісінде парақшасында бөлісті.

"Іздеу жалғасуда. Таңертеңгісімен РФ және ҚР полициясы еріктілермен бірге топтарға бөлініп, қаланы аралауға кірісті. Қазіргі уақытта судан құтқарушылар өзенді қарауда. Прокуратура және Тергеу Комитетінің ресми жарияланымдарынан ахуалды бақылауды сұраймыз және қуатталмаған мәліметке сенбеуге шақырамыз", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Байқоңыр қаласында 20 ақпанда жеті жасар екі бала жоғалып кеткені хабарланды. "Маяк" спорт кешенінен жаттығудан шыққан екі бала жоғалуына байланысты Ресейдің Тергеу комитеті балалардың жоғалу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі