USD
USD
USD

Байқоңырда өз қызын зорлаған педофил сотталды

Кәмелетке толмаған қызын зорлаған Байқоңыр қаласының тұрғыны сотталды, деп хабарлайды қалалық прокуратура.

Байқоңырда өз қызын зорлаған педофил сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомство мәліметінше, педофил 15 жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енді. 

2019 жылдың жаз мезгілінде болған қылмыс жергілікті тұрғындар арасында наразылық тудырған болатын. Тергеуді ресейлік және қазақстандық құқық қорғау органдарының өкілдері жүргізген. Сот отырысы, дәлелдерді келтіру, куәгерлерді шақыру процестері бір жыл бойы жүргізілді. 

Күдікті оқиға орнында ұсталғанына қарамастан, сот отырысы кезінде жәбірленушінің анасы бастапқы айғақтарын өзгертіп, күйеуін жауапкершіліктен босатып алмақ болған. Алайда қылмыс жасалған кезде екеуі ажырасқан болатын.  

"Прокурорлардың бірінші кезектегі міндеті айыпталушының кінәсін баланы сот процесіне қатыстырмай дәлелдеу болды, бұл баланың психикасына зақым келтірмеу үшін жасалды", - дейді прокуратура өкілдері. 

Қазір оқып жатыр

Мүмкін азайтармыз. ТШО акционерлері НЕГЕ Қазақстанмен саудаласып көрмек?

ТШО

Блогер Ерболат Жанабылов әйелімен ұрысқаннан кейін ұсталды

Ерболат Жанабылов, Эльмира Төлегенова

40 млрд теңге және 2 млн-дай бір реттік доза: Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды

Есірткі зертханасы

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Жұмысшы қазасы