Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Байқоңырда алаяқтар жоғалған балаларды іздейміз деген сылтаумен ақша жинаған

Әлеуметтік желіде Байқоңыр қаласында жоғалған балалардың ата-анасына қаржылай көмек керек деген желеумен жалған деректер арқылы ақша жинаушылар анықталды. 

Байқоңырда алаяқтар жоғалған балаларды іздейміз деген сылтаумен ақша жинаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті жүргізетін барлық іздеу-құтқару шараларына қаражат мемлекеттен қаралған. Сондықтан да төменде көрсетілген алаяқтардың жалған ақпараттарына сенбеулеріңізді, сонымен бірге тексерілмеген ақпараттарға алданбауларыңызды сұраймыз. ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес алаяқтық жасағандығы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеміз", - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли. 

Еске сала кетсек, 1 ақпан күні Байқоңырда жеті жастағы екі бала жоғалып кетіп, олардың бірі өлі күйінде табылды. Бұл туралы Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлаған болатын. 

Ал кеше екінші баланы іздеу жұмыстарының жалғасып жатқандығы хабарланды. 

Қазір оқып жатыр

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Экономист Алматыдағы автотұрақтардың құнын 1 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

ақылы тұрақ

ОСК: Аккредиттелген байқаушылар саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді

Нұрлан Әбдіров

Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кетті деген жігіттің туыстары мәлімдеме жасады

Бақытжан Базарбек және жәбірленуші тарап