USD
USD
USD

Байқоңыр ғарыш айлағының директоры ауысты

 Байқоңыр ғарыш айлағының директоры Валинур Агишев Восточный ғарыш айлағының басшысы болып тағайындалды.

Байқоңыр ғарыш айлағының директоры ауысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Жерүсті ғарыш инфрақұрылымы нысандарын пайдалану орталығының (әрі қарай - ЖҒИНПО - 24.kz ред.) баспасөз қызметі хабарлады. «ЖҒИНПО» АҚ Бас директоры Руслан Мұхамеджанов Байқоңыр және ғарыш айлақтарында жоспарлы тағайындаулар туралы бұйрыққа қол қойды. «Шығыс» ғарыш орталығы бөлімшесінің директоры қызметіне бұрын «Оңтүстік» ғарыш орталығы (Байқоңыр ғарыш айлағы) филиалының директоры қызметін атқарған Валинур Агишев тағайындалды» делінген хабарламада.

Байқоңырдың жаңа басшысы бұрын «Шығыстағы» жұмыстарды сүйемелдеу жөніндегі директор қызметін атқарған Сергей Мочалов болады. Мочалов Байқоңыр ғарыш айлағында Ресей Қарулы күштерінде қызмет еткен, ғарыш айлағындағы филиалда басшылық лауазымдарды атқарды. 2018 жылдан бастап Восточный ғарыш айлағында жұмыстарды сүйемелдеу жөніндегі директор болып жұмыс істеді.

Қазір оқып жатыр

Павлодар қаласында ЖЭО аумағында өрт шықты

Оқиға орны

Сот Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевты жазадан босату туралы қаулының күшін жойды

Кәрім Көкірекбаев

Қостанай облысында ер адамға қасқыр тап берді

Қасқыр

Қазақстанда жаңа Азаматтық кодекс әзірленіп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев, Айбек Дәдебай