USD
USD
USD

Байдың асын байғұс қызғанғаны несі?

Әлішер Усмановтың «жедел жәрдем» қызметкерлеріне берген сыйақысының жарымын ұстап қалды.

Байдың асын байғұс қызғанғаны несі?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ташкент облысы Зәңгіата ауданында жедел жәрдем қызметінің жұмысшылары миллиардер Әлішер Усманов бөлген сыйақының жарымын басшылық ұстап қалғанын айтты.

Жедел жәрдем фельдшерінің хабарлауынша, өткен айда жұмысшылардың банк картасына 4 миллион сумнан (шамамен 400 доллар) түскен, ертесіне олардың банк карталары бұғатталып, басшылық ақшаның жарымын шешім алған. Ал түскен ақшаны жаратып үлгерген жұмысшылардың тамыз айындағы жалақысынан сыйақының жарымы ұсталған.

Аудандық денсаулық сақтау бөлімінің мәлімдеуінше, қайырымдылық мақсаттағы ақшаны бөлу кезінде қате кетіп, жедел жәрдем қызметкерлерінің банк картасына артық ақша аударылып кеткен.

Биыл шілде айында ұлты өзбек ресейлік миллиардер Әлішер Усманов Өзбекстанға коронавируспен күресуге 100 миллиард сум (шамамен 10 миллион доллар) берді. Ақша жедел жәрдем қызметінің жұмысшыларына бір реттік сыйақы ретінде таратылған.

Жұмысшыларды ынталандыру үшін Өзбекстан үкіметі Усманов берген ақшаға мемлекеттік бюджеттен тағы 100 миллиард сум бөлген.

Еске салайық, биыл 26 наурызда өткен үкімет отырысында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев медицина қызметкерлеріне ай сайын үстемақы төленетінін мәлімдеген. Бірақ Зәңгіата ауданының жедел жәрдем қызметінің жұмысшылары президент айтқан үстемақы алмағанын айтты.

Қазір оқып жатыр

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров