USD
USD
USD

Бәйдібек ауданында жоғалып кеткен аңшыны іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр

24 ақпан күні сағат 22:30-да Бәйдібек ауданының өрт сөндіру бөлімінің 101 байланыс телефонына Бәйдібек ауданы, Жүзімдік ауылынан 25 шақырым жерде, Арыстанды өзенінің жағалауы сағасының бойында 1 азаматтың жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті.

Бәйдібек ауданында жоғалып кеткен аңшыны іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға орнына жеткенде Бәйдібек ауданы, Жүзімдік ауылынан 25 шақырым жерде, Арыстанды өзенінің жағалауы (қамыс) сағасының бойында 1 аңшы адам жоғалғаны анықталды.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 80 қызметкер, 7 бірлік техника, 3 жүзу құралы, 1 ұшу құралы, Полиция департаментінен 8 қызметкер, жергілікті атқарушы органдардан 5 қызметкер және жергілікті тұрғындар 60 адам және 1 ұшу құралы жұмылдырылды. 

Жоғалған ер адам 24.02 сағат 22-30-да аңшылық кезінде жоғалып кеткен (серігінің айтуы бойынша соңғы рет 24 ақпан күні сағат 22-30-да хабарласып, қамыс алқабында адасып қалғанын хабарлаған).

Ұшқышсыз ұшу аппаратының (дрон) көмегімен 45 км шақырымдай жерге әуеден шолу жұмыстары жүргізілді.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен 17 жастағы тұрғын ұсталды

Полиция

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев