Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Джо Байденнің ұлы ресейлік және қазақстандық кәсіпкерлерден ақша алған

Джо Байден АҚШ-тың вице-президенті болған жылдары ұлының Қазақстан, Ресей және Украинадағы олигархтардан миллиондаған қаржы алғаны туралы ақпарат тарады. 

Джо Байденнің ұлы ресейлік және қазақстандық кәсіпкерлерден ақша алған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы АҚШ Өкілдер палатасының қадағалау және есеп беру комитетінің төрағасы Джеймс Комер жариялаған банктік құжаттар туралы меморандумда айтылған.

«Меморандумда Джо Байденнің вице-президент кезінде Байдендер мен олардың серіктестерінің Ресей, Қазақстан және Украина олигархтарынан миллиондаған ақшаны қалай алғаны айтылады», - делінген конгрессменнің веб-сайтында жарияланған құжатта.

Құжатта украиндық Burisma Holdings энергетикалық компаниясынан, сондай-ақ ресейлік кәсіпкер Елена Батурина мен қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышевтан алынған қомақты қаржы туралы ақпарат көрсетілген. 

«Джо Байден ұлының бұл істерінен хабардар болғаны және өзіне «бренд» болуына рұқсат бергені анық. Оны Америка Құрама Штаттарының вице-президенті болған кезде отбасын байыту үшін пайдаланған», - деді Комер.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстікте өзін ҚМА қызметкері ретінде таныстырғандар емхана басшысынан 15 млн теңге талап еткен

алаяқтық

Түркияда «Сүлейменшілер» діни қозғалысының жетекшісі қамауға алынды

Алихан Күріш

«Әкемнің көзқарасын ешқашан қолдаған емеспін»: Бейбіт Әлібеков мәлімдеме жасады

.

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек