Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Байден үш бірдей импичмент жариялауы мүмкін

Танымал конгрессмен Марджори Тейлор Грин АҚШ президенті Джо Байденге үш импичмент жариялауды ұсынды, оның ішінде Ауғанстанға қатысты жағдай бойынша да, - деп хабарлайды РИА Новости.

Байден үш бірдей импичмент жариялауы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Марджори Тейлор Гринк конгреске 10 мың америкалықты «Талибан» қозғалысы билігінде қалдырғаны (Қазақстанда террористік қозғалыс ретінде тыйым салынған) үшін Байденді биліктен кетіру туралы қарар жобаларын ұсынғанын айтты.

Сонымен қатар, ол президент АҚШ-тың оңтүстік шекарасында дағдарысқа жол беріп, иммиграциялық заңдарды бұзды және жалға алушыларды елден шығаруға мораторийді ұзарту арқылы Жоғарғы сот ұстанымына қайшы келіп, өзіне заң шығарушы өкілеттілікті алды деп мәлімдеді.

«Джо Байден президенттік еткен қысқа айлар ішінде Америка бүкіл әлемдегі құрметін жоғалтты. Дәлелдер анық және оның әрекеттері өрескел, оған импичмент жариялау қажет», - деді конгрессмен.

Оның бастамасы екі палатаны да Байденнің демократиялық серіктестері бақылайтын конгресте табысқа жету мүмкіндігі шамалы.

Грин қоғамды бірнеше рет таңғалдырып, әртүрлі қастандық теорияларын насихаттады, коронавирустың қауіптілігіне күмән келтірді және эпидемияға қарсы шараларға қарсы шыққан. Сол үшін Twitter-де бірнеше рет бұғатталған. Ол бір кездері маска тағу режимін холокост қасіретімен салыстырды, бірақ кейін сөзін қайтарып алып, кешірім сұрады.

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш