Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Байден Тоқаевты құттықтады

АҚШ президенті Джозеф Байден Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына мемлекетіміздің тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымна орай құттықтау жолдады.

Байден Тоқаевты құттықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстанның Орталық Азияда мен бүкіләлемдік бейбітшілік, тұрақтылық пен гүлденуді сақтау жолында көш бастап келе жатқанының 30 жылдық мерейтойы қарсаңындағы қуанышыңызға ортақпын», – деп жазды америкалық көшбасшы.

Оның пікірініше, алдағы уақыттағы ықпалдастық екі елдің халықтары үшін жаңа жаһандық сын-қатерлерді еңсеруге мүмкіндік береді. Осы орайда ол Орталық және Оңтүстік Азия өңірлеріндегі өзара байланыстар мен экономикалық өсуге ықпал ету бойынша «Қазақстанның орасан зор күш-жігерін» жоғары бағалады.

«Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті және өңірлік тұрақтылықты ілгерілету, климаттық дағдарысты шешу, демократиялық институттардың тиімділігін арттыру мен адам құқықтарын құрметтеуді дамыту бойынша ынтымақтасуға ниетті», – деп мәлімдеді АҚШ Президенті.

Қазір оқып жатыр

Алматыда мемлекетке қайтарылған қаражат 10,5 мың тұрғынды сумен қамтуға жұмсалды

Мемлекетке қайтарылған қаржы

Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Қазыбек Қалмағамбетов

Астанадағы салтанат қақпасы жанында балағат сөз айтқан шетелдік айыппұл арқалады

Ангелина Ванина

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі