USD
USD
USD

Байден нені болжады?

АҚШ президенті сайлауында өзін жеңімпаз етіп жариялаған Джо Байден елде коронавирустан қайтыс болатындар саны артуы мүмкін екенін болжады. Оның айтуынша, 2021 жылғы қаңтарда елде тағы 250 мың адам көз жұмуы мүмкін, – деп жазды DW басылымы.

Байден нені болжады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мен ешкімді қорқытқым келмейді, бірақ сіздер мән-жайды түсініңіздер: қазіргі күн мен қаңтар аралығында біз тағы 250 мың адамнан айырылып қалуымыз мүмкін», – деді саясаткер шағын кәсіпорындардың қызметкерлері мен иелері қатысқан онлайн-конференцияда. 

Дегенмен Байден мұндай болжам неге негізделіп айтылғанын атамады.

Пандемия басынан бері АҚШ-та 13,7 миллион аса адам коронавирус жұқтырды. 270 мыңға жуық науқас қайтыс болды.

Айта кетейік, Вашингтон атындағы университеттің сарапшылары карантин жеңілдетілсе АҚШ-та 2021 жылғы қаңтардың соңына дейін 502 мыңға жуық науқас, ал карантин күшейтілсе, 367 мың адам көз жұмуы мүмкін екенін есептеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy