USD
USD
USD

Байден мен Маскты сан соқтырған хакер ұсталды

Бірнеше Twitter-парақшаны бұзған жасөспірім хакер кәмелетке толмағандарға арналған колонияға үш жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Daily Mail басылымы.

Байден мен Маскты сан соқтырған хакер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Грэм Иван Кларк серіктестерімен бірге адамдарды алдау арқылы биткоин алу үшін 130 танымал компания мен жеке тұлғаның Twitter-парақшасын бұзған. 2020 жылдың 15 шілдесінде Twitter-дегі бұзақылықтың құрбаны болғандар қатарында Барак Обама, Джо Байден, Билл Гейтс, Илон Маск, Джефф Безос және Канье Уэст бар. 

Олар Apple мен Uber-ге тиесілі сайттарды да бұзды. Кейін Кларк барлығының атынан қолданушыларға сандық валютадағы жинақтарын екі есе көбейтуге уәде беретін әйгілі алаяқтық схеманы жариялай бастаған. 

Тергеу мәліметтері бойынша, жасөспірім криптовалютада 180 мың доллардан (шамамен 75 миллион теңге) аса сомаға биткоин алған. Кейін бұл схема анықталып, жабылды.

Флорида штатының прокуратурасы жасөспірімге қатысты 30 іс қозғады. Қылмыс кезінде Кларк 17 жаста болған. Бұл жазаны жеңілдетуге көмектесті. Бапта қарастырылған ең төменгі жаза - 10 жылға бас бостандығынан айыру. Кларк болса 3 жылға сотталды. Түрмеде жазасын өтеуден бөлек, жасөспірім өзінің барлық есептік жазбасын тапсыру керек. Сондай-ақ, Кларк компьютерді тек бақылауда қолдана алады.

Twitter басшылығы бұл шабуылға қатысты ішкі тергеу жүргізіп, хакерлер телефон арқылы алдау әдісін қолданғанын анықтады.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті