USD
USD
USD

Байден аяғын сындырып алды

АҚШ-та президент сайлауынан кейін өзін жеңімпаз деп жариялаған Джо Байден томографияға түсіп, шыбық сүйегі шытынағаны анықталды, – деп хабарлайды РИА Новости оның журналистер пулына сілтеме жасап.

Байден аяғын сындырып алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Компьютер томографиясы оның қаптал және ортадағы шыбық сүйегі жіңішке болып сынғанын анықтады», – деді репортерлер дәрігердің сөзін келтіріп. Хабарламада енді Байденге бірнеше апта бойы арнайы аяқкиім киюге тура келуі мүмкін екені айтылған. Байден сенбі күні өзінің иті Мейджормен ойнап жүргенде сүрініп кетіп, тобығын қайырып алды. Содан соң дәрігерге жүгінуге мәжбүр болған. Басында ортопед оның тек сіңірі созылғанын, сүйегі сынбағанын айтқан. Дегенмен ол саясаткерді қосымша тексерілуге жіберген.

Еске салайық, АҚШ-та президент сайлауы 3 қарашада өтті. Алдын ала мәліметтер бойынша Байден жеңіс жетті. Қазіргі президент Дональд Трамп жеңілгенін мойындамай, бірнеше штаттың сотына шағымданды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy