USD
USD
USD

Байден кімдерге сенім артады?

Алдын ала мәліметтер бойынша АҚШ президенті болып сайланған Джо Байден мемлекеттік хатшы постына өзінің 58 жастағы кеңесшісі Тони Блинкенді тағайындайды. Бұл туралы New York Times газеті жазды, – деп хабарлайды РИА Новости.

Байден кімдерге сенім артады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін Hill газеті Байденнің мемлекеттік хатшы қызметіне кімді тағайындайтынын хабарлап, бұл лауазымға Блинкен отыруы мүмкін екені жазылды.

Джо Байден мен Энтони Блинкен

ABC News телеарнасы және Блумберг агенттігі де Блинкеннің мемлекеттік хатшы лауазымына тағайындалатыны туралы ақпаратты жариялады. Сондай-ақ, агенттіктің мәліметінше, Хиллари Клинтонның бұрынғы көмекшілерінің бірі Джейк Салливан президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі болады.

БАҚ жаңа тағайындаулар туралы сейсенбі күні жарияланатынын хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, Байденнің көмекшісі Рон Клайн Ақ үйдің аппарат басшысы болып тағайындалуы мүмкін. Бұған дейін ол кабинеттің бірінші мүшелері туралы тағайындау сейсенбі күні жарияланатынын мәлімдеген.

Джо Байден мен Рон Клайн

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy