USD
USD
USD

Байден Қазақстан экономикасын құтқарып қалмақ

Brent баррелі шамамен 65 долларға саудаланып жатыр. АҚШ-тың өкілдер палатасы президент Джо Байден ұсынған экономиканы ынталандыру шарасын мақұлдағаннан кейін, мұнай бағасы өсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Байден Қазақстан экономикасын құтқарып қалмақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірақ Қытайдың өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы белсенділіктің ақпан айында баяулауы шикізат нарығының оңалуын тежеп отыр. Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 1,63%-ға артып, 65,47 доллар болды. WTI баррелі 1,61%-ға қымбаттап, 62,49 долларға дейін жетті. Еске сала кетсек,бұған дейін өкілдер палатасы экономикаға 1,9 триллион доллар құю туралы құжатты мақұлдады. Кей сарапшылар бұл бастамадан кейін ең төменгі жалақы мөлшері көбеймейді деген пікірде. Инвесторлардың назары 4 наурызда өтетін ОПЕК+ альянсының отырысында. Тараптар жиын кезінде сәуірдегі өндіріске қатысты шешім қабылдайды.
 

Қазір оқып жатыр

Доңға кен орнындағы көпжылдық дау реттелді: Қазақстанға өтемақы төленеді

Доңға кен орны

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус