Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Байден Беларуське санкция салады

АҚШ Беларусь мемлекетіне санкция салуды қарастырып отыр.

Байден Беларуське санкция салады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Құрама Штаттар президенті Джо Байден мәлімдеді. Бірақ ол қабылданатын санкцияларға қатысты толық ақпарат беруге әлі ерте екенін ескертті. Сондай-ақ Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псакидің айтуынша, Байден Беларусь мәселесін 16 маусымда Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуінде көтереді.

Естеріңізге сала кетейік, 23 мамырда Афинадан Вильнюске бет алған "Райн-Эйр" компаниясының ұшағы шұғыл түрде Минскіге қонған еді. Оған ұшақ бортында жарылғыш зат болуы мүмкін деген хабар түрткі болған. Бірақ бұл ақпарат расталмады. Кейін осы ұшақпен Вильнюске бара жатқан "Нехта" телеграмм-арнасының бұрынғы бас редакторы, Александр Лукашенко режиміне ашық қарсы шыққан Роман Протасевич қамауға алынды. Осыған байланысты ондаған мемлекет пен халықаралық ұйым Беларусь билігін қатаң сынға алып, Батыс елдері мен Сингапурдың әуе компаниялары Беларусь кеңістігін пайдаланудан бас тартқан.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті