USD
USD
USD

Байбектің Қордайдағы жағдайға қатысты пікірі қандай?

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қордайдағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді. 

Байбектің Қордайдағы жағдайға қатысты пікірі қандай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қадірлі ағайын! Мемлекетіміздің басты байлығы – елдің татулығы. Бейбіт елде ғана береке болады.

Шағын кикілжіңнен қандай жағдайдың орын алатынын кешегі Қордай оқиғасы көрсетіп отыр. Ерегістің соңы үлкен жанжалға ұласты. Адам шығыны болды. Олардың иманы саламат болсын. Біз осындай сәттерде ашуды ақылға жеңдіріп, сабыр танытқанымыз жөн.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайда орын алған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасап, қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтты. Оларға тиісті көмек көрсетуді тапсырды. Елде заң үстемдігінің сақталатынын қадап айтып, премьер-министрдің орынбасары төрағалық ететін Үкімет комиссиясын құрды.

Қазақстанның тыныштығы, ең алдымен, ел иесі халқымызға керек. Заңға бағыну – барлық қазақстандықтардың міндеті. Құзырлы органдарға күш көрсетуге ешкімге жол берілмейді.

Ұлтаралық қарым-қатынас – өте нәзік дүние. Әп-сәтте бүлдіріп алу оңай. Егер елде татулық болмаса, ең алдымен зардап шегетін халық. Заңға жүгінген, татулық пен елдікті мұрат еткен Елбасы саясатын ұстанған елміз. Барлық мәселе заң аясында шешілуі тиіс", – деп жазды ол.

Айта кетсек, 7 ақпанда Жамбыл облысы полиция департаменті Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болғанын растады. Масанчидегі жаппай төбелеске 300 адам қатысқан. Сондай-ақ осы күні Масанчи ауылының маңындағы Сарытөбе ауылында тұрғындар мен полиция арасында жаппай төбелес болды.

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

.

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

.

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

.

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

.