USD
USD
USD

Байбек 28 қаңтарда қабылданатын өзгерістер туралы хабарлады

"Nur Otan" партиясы Саяси кеңесі ертеңгі съезде қаралатын мәселелерді бекітті. Бұл туралы партия төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек хабарлаған.

Байбек 28 қаңтарда қабылданатын өзгерістер туралы хабарлады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Саяси кеңес қаулысымен партияның кезектен тыс XXI съезінің күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралатын болып бекітілді.

  1. Партия төрағасын сайлау;
  2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу;

Бұған дейін 2022 жылғы 28 қаңтарда "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XXI съезі өтетіні хабарланған. Құрылтай онлайн форматта өтеді.

2021 жылғы 23 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыратыны туралы мәлімдеген.

Сондай-ақ жуырда Қаңтар қырғыны кезінде президент Қ.Тоқаевқа бұрын экс-президент Н.Назарбаевта болып келген Қауіпсіздік кеңесінің төрағалығы өткен.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті