USD
USD
USD

Бағдаттағы АҚШ елшілігіне үш зымыран түскен

Жексенбі күні кешкілік АҚШ-тың Ирак астанасындағы елшілігіне үш бірдей зымыран түскен. Нәтижесінде бір адам жарақат алған. CNN арнасына түсініктеме берген америкалық шенеунік жапа шеккен адамның жарақаты жеңіл болғандықтан, қызметіне қайта оралғанын хабарлады.  

Бағдаттағы АҚШ елшілігіне үш зымыран түскен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әзірге бұл шабуылды ешкім мойнына алмады. АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Тегеранды ресми түрде айыптамаса да, департаменттің баспасөз хатшысының мәлімдемесінде Иранның өңірге қауіп төндіретіні туралы айтылған. Дегенмен АҚШ ешкімнен шабуыл үшін жауапкершілікті мойнына алуды талап етпеді. Мемлекеттік департаменттің дерегінше, өткен жылдың қыркүйегінен бері Иран жақтан Ирактағы АҚШ азаматтарына қарсы 14 мәрте шабуыл жасалған көрінеді.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz