USD
USD
USD

Бағдат Сәмединова: Мәдина Ералиева көңілімді қалдырған

Бағдат Сәмединова бір кездегі әріптесі, марқұм әнші Мәдина Ералиевамен арақатынасы қандай болғанын айтып берді. Әнші Ералиеваның мінезі қаталдау болғанын сөз етті. 

Бағдат Сәмединова: Мәдина Ералиева көңілімді қалдырған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Алау Дәукеновпен болған сұхбатта айтылды. 

Қазақстанның еңбек сіңірге әртісі, әнші Бағдат Сәмединова бүгінде елордада тұрады. Жұмыс бабымен әрі балаларының қасында болу үшін оңтүстіктен астанаға қоныс аударған. Ұстаздық қызмет атқарады. 

Әнші марқұм Мәдина Ералиевамен арақатынасы қандай болғанын сөз етті. Қызықты оқиғаларын айтты.

“Мәдина облыстық филармония атынан ән айтты. Мен “Қазақконцерт” атынан өнер көрсеттім. Екеуміздің жолымыз көп түйіскен жоқ. Себебі, сапарларымыз екі бөлек болды. Аман-саулығымыз түзу болды. Мәдина өзі шатақтау адам еді ғой. Мінезі қаталдау болатын. Бірде бір концертте сөзге келіп қалдық. “Орын бар ма?” деп сұрады. Мен ол кезде орын алмаған едім. Қасымда қызым болған. Қызымның көзінше “кетші, әрі” деп ұрсып жіберді. “Не болды саған?” деп едім, одан әрі ұрсыса жөнелді. Кейін де бір концеттерде ілінісіп қалатынбыз. Мені ән айтуға көп шақыратын еді. Содан қызғанды ма, іштарлық көрсетті ме екен деп ойлаймын”, – дейді Бағдат Сәмединова. 

Әншінің жеке директоры жоқ. Шағын студиясы бар. Ал той-томалақ, басқа да жоспарлы жұмыстарының бәріне өзі жауап береді. 

Сәмединова өзін депутаттыққа ұсыну туралы ұсынысқа жауап берді. 

“Депутат болу үшін ақыл, білім керек деп ойлаймын. Мен депутаттыққа өзімді ұсына алмаймын. Өзімді ол жерден көрмеймін. Оған дайын емеспін. Депутаттардан ақылым кем деп айта алмаймын, бірақ мен өнер адамымын. Мен өнерде жүрген адаммын”, – деді ол. 

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Қазына» тобының қарызы ең көп ТОП-5 компаниясы

«Самұрық-Қазына»

Астанада талапкерлерді оқуға түсіруге уәде еткен оқытушы 3,5 жылға сотталды

Кісен

Аудит арзан емес. «PSA» НЕГЕ жыл сайын шығынға батады?

PSA

«Рөлде мас күйдегі құқық қорғау органы қызметкері болған»: Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Жол апаты