USD
USD
USD

Бағдат Мусин SpaceX-пен келіссөздер туралы айтып берді

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «SpaceX» компаниясымен келіссөздер жөнінде айтып берді.  

Бағдат Мусин SpaceX-пен келіссөздер туралы айтып берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Наурыз айының соңынан бері біз SpaceX-пен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Осы аралықта SpaceX-тің мемлекеттік реттеушілермен байланыс жөніндегі директоры Мэтт Ботвинмен бірнеше онлайн кездесу өткіздік. Ынтымақтастықты дамыту бойынша бізге қызықты бірнеше бағыт бар. Министрліктің мақсаты – Қазақстандағы әрбір елді мекенді интернетпен қамту. Телепорт станциясын Алматы маңында орналастыруға және бес елді мекенді тестке қосуға алдын ала келісімдер жасалды. Ауылдарда орнатылатын нүктелердің санын әлі де жұмыс барысында нақтылаймыз. Егер осы бағытта жаңалықтар шықса мен әлеуметтік желілерде бөлісемін. Екі тарап арасында толық келісім мен өзара түсінік пайда болған уақытта бет алған бағыт жайлы БАҚ өкілдері үшін SpaceX-пен бірлескен баспасөз релизін таратамыз», - деп жазды ол Министрлің айтуынша, Starlink жүйесі АҚШ, Канада және Еуропа елдерінің аумағын толығымен қамтиды. Қазір орбитада «SpaceX» компаниясының 1400-ге жуық жерсерігі орналасқан.

Қазір оқып жатыр

Пәтердің кілті табысталды: Паралимпиада триумфаторы Ербол Хамитов елге оралды

Ербол Хамитов

Рахат Тұрлыханов қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Рахат Тұрлыханов

Жаңа Конституция: референдум бойынша түпкілікті қорытынды жарияланды

Референдум

«Ақтөбе» жанкүйерлері Нани мен Love Айканың суретін өшіруді талап етті

Нани, Айка