USD
USD
USD

Бағдат Мусин Ресей азаматтарының ЖСН алуын жеңілдетті

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі​ Бағдат Мусин Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, Ресей Федерациясынан келген азаматтардың легі шынымен көп екенін, операторлар үшін ұзын-сонар кезек барын айтты.

Бағдат Мусин Ресей азаматтарының ЖСН алуын жеңілдетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мобилизациядан Қазақстанға қашып келген ресейліктердің ортасына барып, олардың ЖСН алуын жеңілдетуге уәде берді.

«Енді ЖСН алуға өтініш берген адамдарға екінші рет келудің қажеті жоқ, ЖСН адамдарға телефон нөмірі арқылы 1414 қызметінен SMM хабарлама түрінде жіберіледі. Бұл дайын ЖСН алу үшін кезекте тұрған барлық ХҚКО клиенттеріне қатысты. Осылайша, қалың кезекке қатысты мәселе жартылай шешілді», - деді Бағдат Мусин. 

Бағдат Мусин мобилизациядан қашқан ресейліктерге банк картасын ашу да оңай болады деп уәде берді.

«Бүгін біз екінші деңгейдегі банктер ЖСН деректер базасында тағайындалатыны туралы ақпаратты жеткіземіз, нөмірді енгізген кезде адам туралы ақпарат автоматты түрде шығарылады», - деді министр. 

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити