USD
USD
USD

Бағдат Мусин: Қазақстанда интернетпен қамту аймағы ұлғаяды

Тиісті жұмыстар байланыс операторларымен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады.

Бағдат Мусин: Қазақстанда интернетпен қамту аймағы ұлғаяды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, республика бойынша 6459 ауылды мекеннің 4646-нда әртүрлі технологияларды қолдана отырып, интернетке қолжетімділік қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда екі жоба қолға алынды.

«Бірінші жоба аясында жыл соңына дейін 1250 ауылды мекенге талшықты-оптикалық желіні тарту жұмыстары аяқталады, 20 мың км астам талшықты-оптикалық желі салынады. Екінші жоба ауылдарда 3G, 4G мобильді байланысын ұйымдастыру бойынша. Бұл жоба аясында байланыс операторларымен меморандум жасалып, осы жылдың соңына дейін тұрғындар саны 250-ден асатын ауылдарды мобильдік байланыспен қамту көзделген. Қыркүйекте осындай 150 ауылды мекен мобильдік интернетке сапалы түрде қолжеткізді. Ал жыл соңына дейін қалған 778 ауыл қосылады», - деді Б.Мусин.

Қазір оқып жатыр

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC