USD
USD
USD

Бағдат Мусин 2,2 млрд теңгені қайда жұмсамақ?

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасының бағыттарын түсіндірді.

Бағдат Мусин 2,2 млрд теңгені қайда жұмсамақ?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының Жолдауы аясында айтылған тапсырмасына сәйкес, «Цифрландыру, ғалым жәна инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы әзірленіп, бекітілді. Оның мақсаты елімізді заманауи мемлекетке айналдыру, цифрлық трансформация арқылы тиімді мемлекеттік басқаруды, сенімді деректер негізінде шешімдер қабылдауды, цифрлық дәуірде инфрақұрылымды тиімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылыми үлесін арттыру», - деп атап өтті Б. Мусин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, ұлттық жоба 10 бағыттан, 226 тапсырмадан, 44 көрсеткіштен және 211 іс-шарадан тұрады, оларды іске асыру 2025 жылға дейін жоспарланған.

«Ұлттық жоба екі блокқа бөлінген: «Цифрлық трансмормация» және «Ғылым» блогы. «Цифрлық трансмормация» блогы мемлекеттік қызметтерді 5 минут ішінде көрсету, IT саласын дамыту, халық үніне құлақ асатын және тиімді мемлекет құру, қолайлы өмір сүруге арналған цифрлық құралдарды қолдану, технологиялық және инновациялық бизнесті дамыту, сапалы интернет пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыттарынан тұрады.

Ал «Ғылым» блогында – «Ғылымның кадрлық әлеуетін нығайту», «Ғылыми экожүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттыру», «Елдің дамуына ғылымның үлесін арттыру» яғни ҒЫЛЫМ-ӨНДІРІС-БИЗНЕС ұстанымын қолдану және «Ғылымды әкімшілендіруді жетілдіру» бағыттары бар», - деп түсіндірді Б. Мусин.

Қазір оқып жатыр

Әпкесін отшашумен құттықтамақ болған Астана тұрғыны 5 тәулікке қамалды

отшашу

Непалдағы жойқын су тасқыны: қазақстандық турист іздестіріліп жатыр

су тасқыны

Құрылтай депутаттарына алтыннан емес, жезден әзірленген төсбелгі табысталды

Құрылтай төсбелгісі

АҚШ-та ұлттық қауіпсіздікке төнген ықтимал қатерге байланысты төтенше жағдай жарияланды

төтенше жағдай