Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бағдат Мәнізоров: Емделіп алғым келеді

Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бағдат Мәнізоров не себепті қызметінен кеткенін түсіндірді. «Астана» телеарнасының тілшісіне ол кету себебін айтқан.

Бағдат Мәнізоров: Емделіп алғым келеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мені ешкім жұмыстан шығарған жоқ. Шешімді өзім қабылдадым. Екі жыл демалғаным жоқ, кішкене емделіп алғым келеді» депті Б.Мәнізоров.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Мәнізоров өткен жылдың қыркүйек айында «алаяқтық жасады» деген айыппен ұсталған. Алайда кінәсі дәлелденбегендіктен, қамаудан босап, қызметіне қайта оралған.

Өткен аптаның сенбі-жексенбі күндері Б.Мәнізоров Нұр-Сұлтан қаласына барып келіп, іле-шала қызметтен кететіні жөнінде мәлімдеме жасады.

Кейбір дереккөздер Мәнізоровқа «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының басшысы Ахметжан Есімов «қызметтен кете тұруды кеңес еткен» дейді.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы