USD
USD
USD

Бағдат Мусиннің жұбайы бір жылда 35 млн теңгеден астам табыс тапқан

Квазимемлекеттік және ұлттық компаниялар қызметкерлерінің кірістері туралы декларацияларды жариялай бастады.

Бағдат Мусин
Фото: instagram/bagdatmussin

Астана, NEGE. «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы, Цифрлық даму министрлігінің бұрынғы басшысы Бағдат Мусин 2024 жылы қосымша табыс болмағанын көрсеткен. Ал оның жұбайы Дина Ауғанбаева сол жылы 35 млн теңгеден астам кіріс тапқанын мәлімдеді.

«Бәйтерек» холдингінде басқарма төрағасының орынбасары Тимур Оңжанов 2024 жылы 17,4 млн теңге табыс тапқан.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басшылығының да кірістері жарияланды. Басқарма төрағасы Асхат Хасеновтің жұбайы Гүлназ Хасенова құжатта 7 млн теңге табыс тапқанын көрсеткен.

Басқарма төрағасының орынбасары Диана Арысова 18,9 млн теңге табыс тапқанын мәлімдесе, оның жұбайы Серік Бегімбетов бар болғаны 37 мың теңге көрсеткен. Тағы бір төраға орынбасары Руслан Балықбаев 4,2 млн теңге табыс тапқан.

Қаржы департаментінің директоры Марат Диқанбаев 12,6 млн теңге, ал топ-менеджер Болат Закиров 6,8 млн теңге кірісін көрсеткен.

Ал «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясында басқарма төрағасының орынбасары Марат Төлебаев 1,7 млн теңге, қаржылық бақылаушы Дархан Әбдімолдаев 1,8 млн теңге табыс тапқанын жариялады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ