USD
USD
USD

Бағдат Мусин қызметінен кетті. Орнына кім келеді?

Президент жарлығымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Экс-министр
Фото: Фото: ғаламтордан

Астана, NEGE. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды», – деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. 

Б.Мусиннің жасы 41-де. Ол Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін 2020 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келді. Осы мерзім ішінде Мусиннің қызметіне қатысты сын көп айтылды. Әзірге оның нақты қандай «минусы» үшін қызметтен кеткені жұмбақ, қайда барып тұрақтайтыны да беймәлім.

Кейбір ақпарат көздерінің хабарлауынша, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің тізгінін «Қазақтелеком» АҚ-ның қазіргі басшысы Қуанышбек Есекеев ұстауы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жұмыссыз қалғандарға берілетін әлеуметтік төлем мерзімі қысқармақ

Ақша

Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй 12,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй

Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Ербол Махметов

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева