USD
USD
USD

Бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған сәтте көліктен шығып билеген блогерге айыппұл салынды

Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу барысында Шымкент қалалық ПД қызметкерлері өрескел құқық бұзушылық жасалған бейнежазбаны анықтады, деп хабарлады Полиция. 

Бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған сәтте көліктен шығып билеген блогерге айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Блогер қыз қиылыста тоқтаған көліктен шығып, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған сәтте билей бастаған.

"Шоуды" қыздың өзі және көлікте қалған ер адам тікелей эфирде көрсеткен. 40 секундқа созылған қойылымды бағдаршамның жасыл түсі мен қозғалыстағы көліктердің сигналы үзді.

Заң бұзушы олардан қашып, жолдың шетіне қарай жүгірді.

Патрульдік полиция полкінің инспекторлары қыздың жеке басын анықтады. Ол Қызылорда облысының тұрғыны.

Азаматша ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Қазір оқып жатыр

ДСМ жүргізген тексеруден кейін 78 медициналық ұйым лицензиясынан айырылды

оңалту орталығы

Ташкентте Қарағандыдан барған 15 жас футболшы астан уланды деген күдікпен ауруханаға түсті

Ташкентте ауруханаға түскен жасөспірім

Жұманғарин Алматыдан бизнестің жаппай көшу қаупін жоққа шығарды

салық

«Жалынып, жылауға дейін бардым»: Ақтауда дәрігерге тап берген ер адам өз шындығын айтты

Шанжархан