USD
USD
USD

Бағбандар, жүргізушілер, инженерлер: Тоқаев Түркістандағы саммитке үлес қосқан азаматтарды марапаттады

Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін ұйымдастыруға үлес қосқан қызметкерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Түркістан
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалі халықаралық іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан өңір тұрғындарына табысталды.

Марапат алғандардың қатарында Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен облыс аудандарында еңбек етіп жүрген мамандардың есімі кездеседі. Олардың арасында көшені тазалап, қаланы көгалдандырып жүрген жұмысшылардан бастап, саммит кезінде инфрақұрылым мен қауіпсіздікті қамтамасыз еткен инженерлер мен медицина қызметкерлері де бар. 

Атап айтқанда, коммуналдық қызмет жұмысшылары, бағбандар, аула тазалаушылар, көлік жүргізушілері, тракторшылар, инженерлер, экскурсия жетекшілері, еріктілер мен жедел жәрдем қызметкерлері марапатталды.

Осылайша, халықаралық деңгейдегі жиынның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан тек шенеуніктер ғана емес, күнделікті жұмысы көпшілікке көріне бермейтін қарапайым мамандардың да еңбегі мемлекеттік деңгейде бағаланды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ