USD
USD
USD

Бағанашылдағы балалар үйіне байланысты уәкілетті тұлғаларға қатысты қызметтік тексеру басталды

Алматы облысының әкімдігі Алматы қаласынан Қонаевқа «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін көшіру туралы қоғамдық талқылауға байланысты мәлімдеме жасады. 

бағаанашыл
Фото: 2gis

Алматы, NEGE. Облыс әкімдігінің мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен балаларды көшіру рәсімін тоқтату туралы шешім қабылданды. Балалар бұрынғы мекенжайында тұрып, оқуын жалғастырады. Заңнамада кепілдік берілген жетім балалардың барлық құқығы толық көлемде қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар ниет білдірген балалар қазіргі заман талаптарына толық сай келетін Қонаев қаласындағы жаңа облыстық балалар үйіне орналаса алады.

«Жедел кеңес өткізіліп, оның барысында басқарушылық шешімдерде қателікке жол берген уәкілетті тұлғаларға қатысты қызметтік тексеру жүргізу және жауапкершілік шараларын анықтау тапсырылды. Аталған мәселеге жауапты қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылады», – деп хабарлады әкімдіктен.

Одан бөлек облыс әкімдігі «Бағанашыл» балалар үйінің ғимаратын беру мәселесі мемлекеттік органдар арасында пысықтау сатысында екенін мәлімдеді.

«Мемлекет қамқорлығындағы тәрбиеленушілердің – әлеуметтік қызметтердің толық спектрін алуы, медициналық қызметпен қамтылуы, сондай-ақ кейіннен тұрғын үй алу үшін кезекке қойылуы қолданыстағы заңнамаға сәйкес толық сақталады», – делінген жауапта.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматы полициясы экс-басшысының жүргізушісі сотқа тартылды

сот тыңдауы

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін мұғалімдер ата-аналар чатындағы сұрақтарға жауап беруден бас тарта ала ма?

Атаналар чаты

Қаржы сарапшысы: Базалық мөлшерлеме – нарықтағы ақшаның құны

Әсел Әуелбекова

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз