USD
USD
USD

«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілері уақытша басқа мекемеге көшіріледі

«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілері ғимаратта жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша №1 мектеп-интернатқа көшіріледі.

бағаанашыл
Фото: 2gis

Алматы, NEGE. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта нысанды жөндеудің жобалық-сметалық құжаты дайын, ал жөндеу жұмыстарын жүргізу міндеттемесін «Integra Construction KZ» ЖШС өз мойнына алған.

– Компания жөндеуді балалар басқа мекемеге көшірілген соң бастайды, - деді Қалдыбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде.

Алматы білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденовтің айтуына қарағанда, балалар осы аптада көшіріледі.

– Бұл балалар үйі біздің күнделікті бақылауымызда. Қазіргі уақытта тәрбиеленушілерді №1 интернатқа көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл мекемеде «Жанұя» кешенінің 90-нан астам тәрбиеленушісі тұрып келген. Екі апта бұрын мектеп-интернатта жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 1 100 шаршы метр аумақ пен 18 бөлмені дайындадық. Осы аптаның соңында балаларды көшіруді жоспарлап отырмыз, - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек