USD
USD
USD

«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматыдағы балалар орталығына көшірілді

Бүгін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында қаладағы екі әлеуметтік мекемеде балалардың тұру және оқу жағдайымен танысты.

Бағанашыл
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Жанұя» кешені Мемлекет басшысының тапсырмасымен толық жаңғыртылып жатыр. 1960-жылдары салынған ескі ғимарат қазіргі талаптарға сай болмаған. Жаңа нысан 15 қыркүйекте пайдалануға берілмек. Ол 400 оқушы орны мен 216 жатын орынға есептелген. Жоба BI Group компаниясы мен Agniet komek fund қорының қолдауымен, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асуда.

№2 Балаларды қолдау орталығына «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қызметкерлері уақытша көшірілді. Қазір мұнда 122 бала тұрып жатыр. 1963 жылы салынған ғимаратқа күрделі жөндеу қажет. Бұл жұмыстарды Integra Construction компаниясы өз қаражатына атқаруға дайын.

Әкім барлық атқарылып жатқан шаралар балаларға қолайлы жағдай жасауға және Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы тапсырмаларын орындауға бағытталғанын атап өтті.

Қазір ғимаратқа инженерлік-техникалық тексеру жүргізіліп, жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты