USD
USD
USD

«Баға өсті, ақша жетпейді» – Базарбек депутаттардың жағдайы туралы

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қазіргі жалақысы отбасын асырауға жетпейтінін айтты.

Бақытжан Базарбек
Фото: dknews.kz

Астана, NEGE. Базарбектің айтуынша, бағаның өсуіне байланысты шығын көбейген.

«900 мың теңгеге жуық жалақы аламын. Бірақ ол да жетпейді. Сондықтан әйелімнен де жұмыс істеуді сұрадым», – деді депутат журналистерге.

Базарбек кей депутаттардың бес-алты баласы бар екенін айтып, бір баланың балабақшасына, киімі мен үйірмелеріне айына шамамен 300 мың теңге кететінін жеткізді.

Сонымен қатар ол таяу жылдары депутаттардың жалақысын көтеру мәселесі қарастырылмайтынын айтты. Оның пікірінше, қазіргі экономикалық жағдайда бұл дұрыс шешім болмайды.

Бақытжан Базарбек парламентке заң саласынан келген. Бұған дейін ол өңірлерге бару үшін ұшақ билеттерін бөліп төлеу арқылы сатып алатынын да айтқан еді.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек