USD
USD
USD

Бабуджи бағынан айрылды

Мәдина Әбілқасымова басшылық ететін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) Tengri Bank басқарма төрағасының орынбасары Гатредди Бабуджидің банк басшылығында жүруіне келісімін бермеді. ҚНРДАның оған толық құқығы бар. 

Бабуджи бағынан айрылды
Фото: NEGE.kz

Бабуджидің не бүлдіргені белгісіз. Үндіс қаржыгері Tengri Bankке Үндістанның ірі банкі Punjab National Bankтен келген болатын. Ол 1991 жылы  Андхра университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетін бітірген. Ғылым бакалавры дәрежесі бар. 2006 жылдан бастап Үндістан Банк ісі және қаржы институтының сертификатталған мүшесі болып саналады. Банк саласындағы еңбек мансабын 2004 жылы Punjab National Bank (Үндістан) қарапайым қызметкер лаузымынан бастаған. Банктегі қызмет барысында бүкіл Үндістан бойынша Банктің түрлі бөлімшелерінде әр түрлі лауазымдар атқарған. Осы кезең ішінде банк ісінің кредиттік және ағымдағы төлемдер саласында білімін жетілдіріп, тәжірибе жинаған. Қазаөқстанға Бабуджи 2017 жылы келді. Сол жылы сәуір айынан бастап Tengri Bankтегі акционерлер үшін есеп беру департаментінде және банктің Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалында шетелдік клиенттермен жұмыс бөлімінде басшы қызметтер атқарған.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы