USD
USD
USD

БАӘ-ден келген 135 жолаушы үйлеріне қайтады

Талдықорғанға Біріккен Араб Әмірліктерінен келген135 қазақстандықтың алғашқы легі ертең үйіне орала бастайды.

БАӘ-ден келген 135 жолаушы үйлеріне қайтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Олар арнайы мамандардың қадағалауымен тұрғылықты жеріне жеткізеді. Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Шарджа-Талдықорған рейсімен келген қазақстандықтардың басым бөлігі шет елде жұмыс істейді. Арасында туристер де бар. Бірақ туристердің елден қай уақытта шыққаны жөнінде ақпарат берілмеді. Естеріңізге сала кетейік, 11 сәуір күні Талдықорғанға 135 адам ұшақпен Біріккен Араб Әмірліктерінен жеткізілді. Шетелден келгендерге қауіпсіздік шаралары қатаң жүргізілгені сонша, жолаушылар тиелген автобус жүретін жолдар толық дезинфекцияланып, мамандар обаға қарсы арнайы костюмдерді киді. Олардың жүгі залалсыздандырылып, әрқайсынан коронавирусқа сынама алынды. Ресми мәлімет бойынша, 135 адамның ешқайсының ыстығы көтерілмеген, індет анықталмаған. Қазір олардың 45-і - Талдықорған қаласындағы «Меруерт» қонақ үйіне, қалғаны - Текелідегі санаторийге оқшауланды. Ал Алматы облысының орталығына Шарджа-Талдықорған рейсін қабылдау республикалық штабпен келісілген. 

Қазір оқып жатыр

Каспийде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Құрылтай сайлауы

Маңғыстау облысында 9 әскери қызметші суға кетіп қаза болды, тағы бірнеше адам іздестірілуде

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Астанадағы фельдшер қазасы: прокурор МИБ басшысының бас бостандығын 2 жылға шектеуді сұрады

прокурор Саяжан Серікова

Мәслихат депутаттары қайта сайланады: Тоқаев Жарлыққа қол қоятынын айтты

Қазақстан Халық Кеңесі