USD
USD
USD

БАӘ мен Түркияға авиарейстер саны артты

Қазақстан Түркияға және Біріккен Араб Әмірліктеріне авиарейстер санын арттырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БАӘ мен Түркияға авиарейстер саны артты
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссияның 15 ақпандағы шешіміне сәйкес:

- «SCAT» авиакомпаниясына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды қалаларынан БАӘ-нің Рас-эль-Хайм қаласына аптасына 8 рет қатынауға рұқсат етілді. Бұл ретте, компания әуе кемесінің бортын жолаушылармен 100% толықтыра алады. Бір ғана шарт - барлығында ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болуы қажет.

- Сондай-ақ Түрік авиакомпанияларына «Алматы-Анталия» бағытында қосымша екі рейс орындауға рұқсат берілді.

Атап өтілгендей, ұшақтарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады және авиакомпаниялар сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті