USD
USD
USD

БАӘ Қазақстанға екінші мәрте медициналық көмек жөнелтті

Сәрсенбі күні Біріккен араб Әмірліктері Қазақстанға 8 тонна дәрі-дәрмекті жөнелтті.  Бұл көмек коронавирус індетін тоқтатуға күш салып жатқан шамамен 8 мың медицина қызметкеріне жәрдем қылады.

БАӘ Қазақстанға екінші мәрте медициналық көмек жөнелтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «БАӘ Қазақстанға Covid-19 салдарына қарсы тұру қауқарын күшейту үшін медициналық көмек және денсаулық сақтау саласында ең жоғарғы жетістіктерге қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін ұсынады», - деді БАӘ-нің қазақстандағы елшісі Мұхаммед Ахмет бин Султан Әл Джабер.

Елші сонымен бірге Қазақстан Араб Әмірліктерінен медициналық көмекті алғаш болып алған елдердің бірі екенін атап өтті. Сәуір айында БАӘ Қазақстанға 10 мың медицина қызметкерінің қажеті үшін 13 метрикалық тонна көлемінде түрлі медицина және профилактика материалдарын берген.

Бүгінге дейін БАӘ коронавируспен күресіп жатқан әлемнің 71 еліндегі миллиондаған медицина қызметкерінің мұқтажы үшін 1 069 метрикалық тонна көлемінде гуманитарлық көмек жолдаған.  

Қазақстанда коронавирус індеті маусым айынан бері өршіп тұр. Ресми дерек бойынша елде 15 шілдедегі дерек бойынша 63 514 адам вирус жұқтырған деп саналады. Вирустан көз жұмғандардың ресми саны – 375. Осыған байланысты қазақ үкіметі әлемде тұңғыш рет елді қайта карантинге жабу туралы шешім қабылдауға мәжбүр болды.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Төреғали Төреәлі

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

бала

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Аурухана