USD
USD
USD

Әзірбайжан Ираннан барлық дипломатын шығарып жатыр

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Ираннан дипломатиялық құрамды толық шығару туралы шешім қабылдады.

Ильхам Әлиев
Фото: trend.az

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Әзірбайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов мәлімдеді.

«Бұл процесс Тегерандағы елшілікке де, Тебриздегі бас консулдыққа да қатысты. Қазір осы бағытта тиісті жұмыс жүргізілуде», – деді ол.

Ел президентінің мұндай шешім қабылдауына Ираннан ұшырылған дрондардың Нахчыван Автономиялық Республикасының аумағына құлауы себеп болып отыр: бір дрон әуежай аумағына, екіншісі мектептің маңына түсті. Салдарынан екі адам зардап шекті.

Бакуде болған оқиға шабуыл ретінде бағаланды. Әзірбайжанның Сыртқы істер министрлігі Иран елшісін шақырып, ресми түсініктеме талап етті.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл оқиғаны қатаң айыптап, жағдайды дипломатиялық жолмен реттеуге шақырды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты