USD
USD
USD

Азия ойындарына Қазақстаннан 524 атлет қатысады

23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында ХІХ жазғы Азия ойындары өтеді.

Азия ойындарына Қазақстаннан 524 атлет қатысады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ойынның ашылу рәсімі 23 қыркүйекте Олимпиада спорт орталығы стадионында өтеді.

Қазақстан Ханчжоу қаласына 30 спорт түрінен 524 атлет (262 ер, 262 әйел) апарады.

Оның ішінде Олимпиада бағдарламасына кіретіні 27, қалған үшеуі - олимпиадалық емес спорт түрі.

Сонымен қатар, алдағы додада спорттың 8 түрінен: бокс, садақ ату, қазіргі бессайыс, жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, теннис пен жеңіл атлетикадан Париж Олимпиадасына лицензия ойнатылады

Сондай-ақ спорттың 4 түрінен: таеквондо, дзюдо, триатлон, бадминтоннан рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты