USD
USD
USD

Азия ойындары: Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Таиландты жеңді

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Таиландтан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азия ойындары: Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Таиландты жеңді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық гандболшылар А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Оңтүстік Корея, Таиланд және Өзбекстан. 

Алғашқы ойынында ел құрамасы Таиландты 44:20 есебімен басым түсті.

Енді қазақстандық гандболшылар 27 қыркүйекте Өзбекстан, 30 қыркүйекте Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасады.

Әрбір топтан алғашқы екі орындағы құрамалар жарыстың келесі сатысына шығып, жүлделерді сарапқа салуға мүмкіндік алды.

Қазақстан әйелдер құрамасы 2002, 2006 жылдары Азия ойындарында чемпион атанды.

Ал еліміздің ерлер құрамасы С тобындағы алғашқы кездесуінде Бахрейннен 22:45 есебімен жеңілді.

Енді олар 25 қыркүйекте Өзбекстанмен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс