USD
USD
USD

«Азия Дауысы» фестиваліне баратындар үшін қала әкімдігі тегін көлік бағыттарын ұйымдастырды

«Азия Дауысы» музыкалық фестивальдің 28, 29 және 30 шілдеде өтуіне байланысты қала әкімдігі оған барушылар үшін тегін жүретін қосымша 55 автобус ұйымдастырады.

«Азия Дауысы» фестиваліне баратындар үшін қала әкімдігі тегін көлік бағыттарын ұйымдастырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құрманғазы көшесі мен Достық даңғылының қиылысында келушілерді «Медеу» спорт кешенінің жанында 30 автобус күтіп тұратын болады. Тағы 25 автобус іс-шара қонақтарын Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесі арасындағы Байтұрсынов көшесі бойында күтеді.

Автобустар келушілердің толуына орай сағат 15.00-ден 00.00-ге дейін жүреді.

Кері бағытта автобустар фестиваль аяқталғаннан кейін жүретін болады. Сондай-ақ, қала тұрғындарына ыңғайлы болу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Алматы метрополитені фестиваль күндері сағат 01:00-ге дейін жұмыс істді.

Бұл ретте, №12 бағыттың көлігі штаттық режимде жұмысын жалғастыратын болады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты