USD
USD
USD

Азия чемпионатында грек-рим күресінен қазақстандықтар көш бастады

Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен ел құрамасы жалпы командалық есепте көш бастады. 

Азия чемпионатында грек-рим күресінен қазақстандықтар көш бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құрлықтық додада қазақстандық балуандар 2 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль алды. Ел құрамасынан Әлімхан Сыздықов (130 келі) мен Мейіржан Шермахамбет (67 келі) жеңімпаз тұғырына көтерілді. Ал, Аманғали Бекболатов (55 келі), Мейрамбек Айнағұлов (63 келі) пен Мақсат Ережепов (77 келі), Абылайхан Әмзеев (72 келі) және Диас Қален (82 келі) күміс жүлдегер атанды. Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) пен Ернұр Фидахметов (60 келі) жұбаныш финалында қарсыласын жеңіп, қола жүлдегер атанды. Осылайша еліміздің атынан сынға түскен 10 балуанның 9-ы жүлделі орындардан көрінді. Нәтижесінде жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы көш бастады. Одан кейінгі орындарда Иран және Қырғызстан құрамалары тұр. Енді 21 сәуірде құрлықтық додада әйелдер күресінен жеңімпаздар анықталады. Азия чемпионаты 24 сәуірде мәресіне жетеді.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur