USD
USD
USD

Азия чемпионатында Дулат Бекбауов ширек финалға жолдама алды

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Дулат Бекбауов алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

Азия чемпионатында Дулат Бекбауов ширек финалға жолдама алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан чемпионы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта түркменстандық Сапармұрат Одаевпен рингке шықты. 

Дулат үш раунд бойы шеберлігінің басым екендігін көрсетіп, соққыларын көбірек дарыта білді. Төрешілер 5:0 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Осылайша, 6 қараша күні Дулат жартылай финалға шығу үшін қырғызстандық Жакшылык Талайбековпен таласады.

Сонымен қатар бүгін Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Асилбек Джалиловпен, Асланбек Шымбергенов (71 кг) филиппиндік Маржон Пианьярмен қолғап түйістіреді.

Күндізгі сессия Астана уақытымен сағат 16.00-де, кешкі сессия 21.00-де басталады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады

Талғарда қылмыстық істі тоқтату үшін тегін демалмақ болған екі полицей ұсталды

Маңғыстау

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

Alatau City