USD
USD
USD

Азия чемпионаты: Қазақстандық жас боксшылар 22 медаль иеленді

  Иорданияда бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.

Азия чемпионаты: Қазақстандық жас боксшылар 22 медаль иеленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жарыста қазақстандық ерлер құрамасы 22 медаль еншіледі. 22 медальдің 6-ы «алтын», 7-і күміс және 9-ы қола жүлде. Жасөспірімдер арасында Айдар Қадырхан ( 52 кг ), Төрехан Сабырхан ( 57 кг ), Ахмет Үсен ( 63 кг ) және Санжар-Али Бегалиев ( 66 кг ), ал жастар арасында Егор Егоров ( 71 кг ) пен Темирлан Мұқатаев ( 86 кг ) алтыннан алқа тақты. Күміс жүлдені Мухаммед-Әли Жанболат (75 кг), Аслан Елдібайулы (+80 кг) сынды жасөспірімдер, ал жастар арасынан Алмат Абдуали (51 кг), Ислам Советов (67 кг), Даулет Төлемісов (75 кг), Сұлтанбек Айбарұлы (80 кг) және Ердос Шарипбек (92 кг) жастар арасындағы бәсекеде бағы жанды. Қола медальды жасөспірімдер Бексұлтан Боранбек (48 кг), Бек Жолдасбек (50 кг), Сұлтан-Бейбарыс Абылаев (54 кг), Алексей Хаванцев (60 кг) және Мадияр Бексултанов (80 кг), жастар арасында Бахтияр Анарбаев (57 кг), Акбар Бисарев (60 кг), Мадияр Тайпаков (63,5 кг), Тимофей Поташов (+92 кг) иеленді.  

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur