USD
USD
USD

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы кезекті алтын жүлделерге қол жеткізді

Шымкентте өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында қазақстандық мергендер тағы да жеңіс тұғырынан көрінді.

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы кезекті алтын жүлделерге қол жеткізді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Ересектер арасында 10 метрге пневматикалық винтовкамен көздеу жаттығуында Ислам Усейнов Азия чемпионы атанды. Ол 632,7 ұпаймен ел рекордын жаңартты. Екінші орынды Таиланд, үшінші орынды Бахрейн спортшылары еншіледі.

Ал жасөспірімдер арасында 10 метрге пневматикалық винтовкамен көздеуден үш жүлделі орынды отандық спортшылар еншіледі. Никита Шахторин алтын, Руслан Загитов күміс, Матвей Тимофеев қола жүлдегер атанды.

Нысана көздеуден Азия чемпионаты 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек