USD
USD
USD

Азия чемпионаты: Ел қоржынында – бір алтын, бір күміс жүлде

Кеше Шымкент қаласында нысана көздеуден Азия біріншілігі басталды.

Азия чемпионаты: Ел қоржынында  –  бір алтын, бір күміс жүлде
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан командасы бір алтын, бір күміс жүлде жеңіп алды.

Ересектер арасында 10 метрге пневматикалық тапаншамен ату жаттығуында отандасымыз Эльдар Иманқұлов жеңіске жетті. Оның еншісінде – 235.1 ұпай. Екінші орында Сауд Арабиясының өкілі Софар Мохамммад Алдосари, үшінші орында таиландтық Ноппадон Сутвирух.

Жастар арасында тапаншамен 10 метрге нысана көздеуден тағы бір қазақстандық Ярослав Махнев күміс жүлдеге ие болды. Бұл бәсекеде алтын жүлдені өзбекстандық Умидбек Камалбеков, қоланы тағы бір өзбек мергені Мұхаммад Камалов еншіледі. Ал жасөспірім арасында өзбекстандық Илхомбек Обиджонов жеңімпаз атанды.

Алғашқы күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы әзірге 1 алтын, 1 күміс жүлде иеленді.

Айта кетелік, нысана көздеуден Азия чемпионаты осымен 14-ші рет ұйымдастырылып отыр. Құрлық додасы 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек