USD
USD
USD

Азия банкі Алматыда «жасыл» экономиканың дамуын қолдайды

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев пен Азия даму банкінің (АДБ) президенті Масацугу Асакава «жасыл» экономиканы енгізуді және қалалық ортаны жақсартуды талқылады.

Азия банкі Алматыда «жасыл» экономиканың дамуын қолдайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. АДБ қатысуымен 31 мамырда ЖЭО-2 жаңғырту туралы келісім жасалды. ЖЭО-2 табиғи газға ауыстырылғаннан кейін зиянды шығарындылар жылына 37,3 мың тоннадан 2,7 мың тоннаға дейін немесе 90%-ға азаяды. Жобаның Алматыда ауа сапасын жақсартуға және тазартуға қосатын үлесі зор болады.

Қоғамдық көлікті жаңғырту есебінен шығарындыларды жылына тағы 2 мың тоннаға азайту жоспарланған. Ол үшін 200 жаңа троллейбус сатып алынып, 1,2 мың дизельді автобус газ және электр тартыман ауыстырылады. Газбен жүретін автобустарға қызмет көрсету үшін арнайы 2 автобус паркі мен 5 газ құю станциясы салынады.

Алматы әкімдігі мен АДБ арасындағы одан әрі ынтымақтастық LRT желісін салу, электр автобустарын сатып алу және зарядтау станцияларын құру, тұрғын үй қоры мен қоғамдық ғимараттардың энергоаудитін жүргізу саласында болуы мүмкін.

Орталық Азия осы жаһандық проблеманы шешуде шешуші рөл атқаруы тиіс және Азиялық Даму банкі климатты қаржыландыруда 2019-2030 жылдар кезеңіне 100 млрд АҚШ доллары мөлшерінде қаржы бөліп отыр. Бұл жылына 8,8 млрд доллар шамасында.

«Жасыл» экономиканың басты міндеті – қоршаған ортаға келетін зиянды азайту. Бүгінде бүкіл әлем «жасыл» экономикаға бет бұруда. Мамандардың айтуынша, «жасыл» экономиканы дамыту елімізге экологиялық дағдарыстан қашып құтылуға мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары