USD
USD
USD

«Азия Авто» мемлекетке 174 млрд теңге қарыз

«Азия Авто» мемлекетке 174 млрд теңге қайтаруы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Азия Авто» мемлекетке 174 млрд теңге қарыз
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Жоғарғы сот өскемендік көлік құрастырушы зауытқа қатысты осындай шешім шығарды. Бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 173 млрд 979 млн 726 мың теңге көлеміндегі шығынды республикалық бюджетке қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінген. Сот министрліктің бұл арызын қабыл алып, зауытты қаржыны қайтаруға міндеттеді. Бұдан бөлек, кәсіпорын жергілікті бюджетке 5 млрд-тан астам қаражатты өтеуі тиіс. Естеріңізге сала кетсек, былтыр министрлік «Азия Автоға» сәуір айына дейін берілген жеңілдіктерді, яғни салық пен қайта өңдеуге арналған жинақтардан босатуды алып тастады. Бұған өндірістің көліктерді құрастыруға кірісе алмағаны себеп болған. Ал өндіріс жұмысын былтыр қарашада тоқтатты.

Қазір оқып жатыр

Ленин бюсті: Алматының білім басқармасы мектептегі кездесуге түсініктеме берді

ЖИ

Украинадағы қақтығыс аумағына тап болған қазақ жігіттерінің алды елге орала бастады

Украинадан оралған қазақ жігіті

Алматыда ішек инфекциясымен ауруханаға түскен РФММ оқушылары үйіне шығарылды

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Отбасы банк ипотека рәсімдеу комиссиясын 1 млн теңгеге дейін көтереді

Отбасы банк