USD
USD
USD

Азия Пара ойындарында тағы екі қазақстандық дзюдошы чемпион атанды

Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық спортшылар Зарина Райфова мен Жұрқамырза Шүкірбеков ел қоржынына тағы екі алтын медаль салды.

Зарина Райфова
Фото: parateamkz/t.me

Астана, NEGE. Зарина Райфова пара дзюдодан J2 санатында +70 кг салмақ дәрежесінде айналмалы жүйе бойынша чемпион атанды.

Іріктеу кезеңінде қазақстандық дзюдошы қытайлық Ванг Пингті, үндістандық Димпл және Өзбекстан спортшысы Махинур Пармонова мен Хабиба Джураеваны иппонмен ұтып, жеңіске жетті.

Жұрқамырза Шүкірбеков пара дзюдодан J2 санатында +95 кг cалмақта ирандық Кхеироллахзаден Варзи Мохаммад Резаны жеңіп, алтыннан алқа тақты.

Айта кетейік, V Азия Пара ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы жарыстың алғашқы үш күнінде 10 алтын медаль жеңіп алып, тарихи нәтижеге қол жеткізді. Қазіргі уақытта ұлттық құраманың қоржынында 32 медаль бар. Оның 10-ы алтын, 10-ы күміс және 12-сі қола.

Қазір оқып жатыр

Депутаттар клиникалық психологтар мен педагог-ассистенттердің жалақысын көтеруді ұсынды

Педагог-профориентатор

Өзбекстанмен шекарадағы кеден бекеттерінде жемқорлық деректері көп тіркелген

Жемқорлық

Депутат: Заң бұзған кез келген азамат жауапқа тартылуы тиіс

NAVAI

Алматыда екі қабатты ғимараттың шатыры өртеніп, төрт адам ауруханаға жеткізілді

Жедел жәрдем