USD
USD
USD

Азия чемпионатында еліміздің 19 жасқа дейінгі қыздар құрамасы 7 медаль алды

World Boxing аясында Таиланд астанасы Бангкок қаласында 19 жасқа дейінгі қыздар арасында Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жарысты аяқтады. 

Азия чемпионаты
Фото: t.me/kfbmedia

Алматы, NEGE.  Құрлықтық додада отандастарымыз 7 медальға қол жеткізді. Оның ішіне 1-еуі алтын, 1-еуі күміс, 5-еуі қола медальға қол жеткізді.

Ел құрамасынан Құралай Егінбайқызы (80 келі) Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Ол ақтық сында үндістандық Критика Уасаннан 3:2 есебімен басым түсті.

Ал Аяжан Ермек (57 келі) күміс жүлдегер атанса, Айым Таңқыбаева (51 келі), Жанель Имантаева (54 келі), Алина Кұдайгенова (60 келі), Ақбота Есімбекова (65 келі) және Сабина Жақсылық (80 келіден жоғары) үздік үштікті түйіндеді.

Құрлықтық дода 30 шілде-12 тамыз аралығына белгіленген. Оған 25 елден 396 боксшы (237 ер және 159 әйел) қатысады деп жоспарланып отыр.

Олардың арасында Қазақстан, Ауғанстан, Филиппин, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирак, Жапония, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Непал, Қатар, Қытай, Сингапур, Шри-Ланка, Таиланд, Түрікменстан, Өзбекстан, БАӘ, Въетнам, Бутан бар.

Қазір оқып жатыр

Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»

Жарасбаев

«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті

Тоқаев

2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев

Мәди Такиев

Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады

Бибісара Асаубаева